«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
24.10.2023
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметін онлайн алу үшін:
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.